Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысының әкімі жедел жәрдем қызметкерін соққыға жығу оқиғасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ермағамбет Бөлекпаев
Ермағамбет Бөлекпаев. Фото: gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жедел жәрдем бригадаларына қауіп төнген жағдайда құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмін қабылдау қажеттігі айтылды.

Өңір басшысы жедел жәрдем жүргізушісіне зақым келтірілген оқиғаны өрескел әрекет деп атады.

"Бұл азаматтың орналасқан жері көп кешіктірмей анықталады. Жақын арада полиция оны табатынына сенімдімін. Біздің азаматтар жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарайтынын білемін. Алайда адамзаттық құндылықтардан, сыйластықтан, гуманизмнен кейбір адамның шыдамсыздығы жоғары болып тұр. Жедел жәрдем қызметкерлеріне және жалпы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмірін өлімнен арашалап қалатын басқа да маңызды салаларда жұмыс істейтін адамдарға қатысты кез келген осындай әрекеттер жасағандар заң аясында жазаланады", - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Облыс әкімі тұрғындарды ережелерді сақтауға, жолдарда жедел жәрдем көліктерін өткізіп жіберуге, жанжалға жол бермеуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз. Өңірлік полиция оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады. Қазір оны іздестіріп жатыр.

Кейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният болған жайтқа пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты. Оның сөзінше, жүргізушіге мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозы қойылған.

Кейін жедел жәрдем жүргізушісі өзіне жасалған шабуыл туралы айтып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057984-qaragandy-oblysynyn-akimi-soqqyga-zygylgan-zedel-zardem-qyzmetkerine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel