Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теракт жасауға үндеуі бар қағаз таратқан: астаналық оқушының ата-анасы жазаланды

Опубликовано:

Көшеде кетіп бара жатқан жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада терроризм актісі туралы қағаз таратқан 9-сынып оқушысының ата-анасы да жауапқа тартылып, оларға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Байқоңыр ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Елордалық мектептің мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы полицияға жүгінді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді.

Мән-жайды анықтаған кезде жасөспірім әзіл үшін компьютерде мәтін жазғанын және парақтарды басып шығарғанын мойындады. Сонымен қатар оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп жазылған басылымда.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды. Полиция департаменті мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2057992-terakt-zasauga-undeui-bar-qagaz-taratqan-astanalyq-oqusynyn-ata-anasy-zazalandy/

pixel