jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тұман, көктайғақ": синоптиктер алдағы күндері ауа райы нашарлайтынын болжады

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер тағы бір циклон елдегі ауа райының нашарлауына әсер етеді деп болжады. Өңірлерде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанда алдағы күндері құбылмалы ауа райы күтіледі.

Елімізде жауын-шашын болып, солтүстік облыстарда қар жауып, оңтүстік өңірлерде көктайғақ болып, жаңбыр жауады.

Сондай-ақ желдің күшеюі мен қарлы боран соғуы ықтимал. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, елімізде температура фонында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда осы аптада бес күн, Астанада да төрт күн бойы қар жауады деп болжаған еді.

"Тұман, көктайғақ": синоптиктер алдағы күндері ауа райы нашарлайтынын болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.