Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында бұрынғы мемлекеттік инспектор көліктерді заңсыз тіркеді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі: t.me/afm_rk

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем әрі есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу дерегі бойынша қылмыстық істердің бірін тергеді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, Ақмола облысында жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелді.

Бастапқы тіркеу үшін алым төленбегендіктен мемлекетке 401,3 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген.

"Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Агенттік баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058076-aqmola-oblysynda-buryngy-memlekettik-inspektor-kolikterdi-zansyz-tirkedi-degen-kudikke-ilindi/

pixel