Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жасөспірімдер көліктерге мұз лақтырған

Опубликовано:

Әйнегі сынған көлік
Сынған әйнек. Көрнекі фото: secret agent mike/Getty Images

Алматыда жасөспірімдер кетіп бара жатқан көліктерге мұз лақтырған. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанованың айтуынша, көліктерге мұз лақтырған 9, 10 және 13 жастағы үш жасөспірім анықталған, олардың барлығы қаладағы орта мектептердің бірінде оқиды.

Балалар Бурундайская көшесінде кетіп бара жатқан көліктерге мұз лақтырып жатқан жерінде ұсталған.

Балалардың айтуынша, олар бір-бірімен бәстескендіктен осы әрекетке барған.

"Олардың ата-анасы баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, балалар мектепішілік профилактикалық есепке алынды, сондай-ақ жасөспірімдердің тәртібі Алатау ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады", - деп хабарлады полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058099-almatynyn-setinde-zasospirimder-kolikterge-muz-laqtyrgan/

pixel