ҰҚК Алматыда қару-жарақ арсеналын тапты (фото)
Жарияланған күні:
24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.
ҰҚК ақпаратынша, "Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон табылған.
"Алдын ала деректер бойынша табылған қару "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар болуы мүмкін күдікті 22 жастағы қазақстандықты Стамбұлдан Алматыға депортациялаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058166-uqk-almatyda-qaru-zaraq-arsenalyn-tapty-foto/