Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі дәмханада ер адам қызды соққыға жыққан (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/ztb_kz

Шымкентте қаладағы дәмханалардың бірінде ауысыммен жұмыс істейтін қыз соққыға жығылған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Полицейлердің мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Otyrar.

Портал мәліметінше, оқиға 25 қаңтарда Шымкентте болған. Бір топ ер адам телефондарын қайта сату үшін қаладағы дәмханалардың біріне кірген. Мекеме қызметкері олардың кетуін талап еткенде, ашуланған ер адамдар қызды бірнеше рет ұрған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Ведомство ақпаратынша, жарақаттың ауырлық деңгейі анықталғаннан кейін барлық қажетті шара жедел түрде қабылданады.

Бейнебақылау камерасындағы видео ZTB Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058167-symkenttegi-damxanada-er-adam-qyzdy-soqqyga-zyqqan-video/

pixel