Елімізде запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады
Жарияланған күні:
Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құжат НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды.
"Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын", - делінген қаулы мәтінінде.
Құжатқа қосымшада көрсетілген мәліметке сәйкес 2024 жылы әскерге шақырылады:
- Қарулы күштерге - 600;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне - 80;
- Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланға - 42;
- Төтенше жағдайлар министрлігіне - 30.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058173-elimizde-zapastagy-oficerler-eki-zylga-askeri-qyzmetke-saqyrylady/