jitsu gif
Саясат

    Елімізде запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

    Әскери қызметкер
    Әскери қызметкер. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Құжат НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды.

    "Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын", - делінген қаулы мәтінінде.

    Құжатқа қосымшада көрсетілген мәліметке сәйкес 2024 жылы әскерге шақырылады:

    • Қарулы күштерге - 600;
    • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне - 80;
    • Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланға - 42;
    • Төтенше жағдайлар министрлігіне - 30.
    Елімізде запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.