Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс вице-министрі Қазақстанда әскери киім-кешек тапшы екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Сапта тұрған әскери қызметшілер
Әскери қызметшілер. Көрнекі фото: facebook.com/modgovkz

Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов бүгін мәжілісте заттай мүлікті сатып алуға қаражат жеткіліксіз бөлінгенін айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сұлтан Камалетдиновтің мәлімдеуінше, 2000 жылдан бастап заттай қамтамасыз етуді қаржыландыру тек Қарулы күштер санының өзгеруін ескеріп ұлғайды. Бұл әскери қызметшінің заттай мүлікпен қамтамасыз етілу индикаторын арттыруға мүмкіндік бермеді.

"Жыл сайынғы инфляцияны, сыртқы экономикалық фактордың шикізат құнына ықпал етуін, шығысты оңтайландыру бойынша жүргізілетін жұмысқа қарамастан, логистикалық құрамдасты ескеріп, әскери қызметшінің санаты бойынша заттай қамтамасыз етуді қаржыландыруды айлық есептік көрсеткішке байланысты алмау әскери қызметшіні толыққанды заттай қамтамасыз ету мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.

Мысалы, 2024 жылға нақты қаржыландыру 27,3 млрд теңге немесе нақты қажеттіліктің 44 пайызына тең болды. Бүгінде тұрақты құрамдағы әскери қызметшілер алдындағы берешек 26 млрд теңгеден астам", - деді вице-министр.

Ол әскери киім нысанын оңтайландыру барлық әлеуетті құрылым үшін қаржы қажеттілігін 1,4 млрд теңгеге төмендеткенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта әскери қызметшінің заттай мүлікпен қамтамасыз етілуі 86 пайызға тең. Анықтама: мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, ӘОО курсанттары, кадеттері және әскери мектеп тәрбиеленушілері 100 пайыз; қалған санаттағы әскери қызметшілер орташа есеппен алғанда 72 пайыз, оның ішінде:

  • далалық киім нысанымен – 100 пайыз;
  • күнделікті киім нысанымен – 65 пайыз;
  • салтанатты киім нысанымен – 42 пайыз;
  • арнайы киім нысанымен – 71 пайыз;
  • жеке қорғану құралымен – 60 пайыз;
  • жылы киіммен – 95 пайыз (қысқа тон, пима, тері қолғап) қамтылған.

"Әскери қызметшіні киім-кешекпен толық қамтамасыз ету үшін 62,7 млрд теңге қаражат бөлу қажет", - деді баяндамашы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058303-qorganys-vice-ministri-qazaqstanda-askeri-kiim-kesek-tapsy-ekenin-malimdedi/

pixel