Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшы: Алматыда небәрі 5 жыл ішінде тектоникалық жарықтар үстіне 15 көпқабатты үй салынған

Опубликовано:

Құрылыс алаңы
Құрылыс алаңы: pixabay.com

Кейінгі бес жылда Алматыда тектоникалық жарықтардың үстіне 15 көпқабатты үй салынды. Бұл туралы Сараптама ұйымдарының палатасы басқарма төрағасының орынбасары Талғат Мамаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның Құрылыс кодексінің жобасын талқылауға арналған баспасөз мәслихатында Талғат Мамаев мемлекеттік емес сараптама институтын жабуға болмайтынын айтты.

"Түркиядағы жер сілкінісінен кейін мемлекет басшысы барлық ғимараттың сейсмикалық қауіпсіздігін тексеруді тапсырды. Бүгінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сапасыз құрылысқа қатысты барлық мәселе бойынша жауапкершілікті мемлекеттік емес сараптамаға артуға тырысуда.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін уәкілетті орган сейсмикалық аудандардағы ғимараттардың, құрылыстардың, әсіресе маңызды объектілердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және адамдар көп жиналатын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік емес сараптамадан мемлекеттік монополияға беру керек деп есептейді", - деді ол.

Мамаевтың сөзінше, жоғарыда аталған нысандардың барлығы техникалық тұрғыдан күрделі, олардың сараптамасын қазіргі уақытта мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізіп жатыр.

"Жеке сарапшылар қарапайым нысандарға – 5 қабатқа дейінгі тұрғын үйлерге, 2 қабатқа дейінгі әкімшілік ғимараттарға, аралығы 12 метрге дейінгі өндірістік ғимараттарға, әлеуеті шағын ауыл шаруашылығы ғимараттарына сараптама жүргізуде. Мемлекеттік сараптамаға 5 қабаттан жоғары кез келген тұрғын үйлер, ауруханалар, балабақшалар, ықтимал қауіпті объектілер, жанармай құю станциялары, қазандықтар және т.б. жатқызылған.

5 қабаттан жоғары көпқабатты тұрғын үй кешендерін жобалаудың барлық мәселелеріне мемлекеттік сараптама ұйымы жауапты болуы керек. Тығыз салынған құрылыстар, тектоникалық жарықтардың үстіне салынған құрылыстар сияқты мәселе бар. Өздеріңіз білетіндей, көптеген ғимараттар тектоникалық жарықтардың үстіне салынған. Кейінгі бес жылда Алматыда тектоникалық жарықтардың үстіне 15 көпқабатты үй салынды", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жобаларға сараптама жүргізуге мемлекеттік монополияны орнату үшін заң жобасына мемлекеттік емес сараптама институтын жою нормасы енгізілген. Оның пікірінше, сарапшылар қауымдастығы бұған үзілді-кесілді қарсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058308-sarapsy-almatyda-nebari-5-zyl-isinde-tektonikalyq-zaryqtar-ustine-15-kopqabatty-ui-salyngan/

pixel