"Әкім бір қонып кетсін": Кентау тұрғындары жылу ақысын төлеуден бас тартып отыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомКентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр. Себебі 60 мың тұрғыны бар шағын шаһарда қараша айынан бері жөнді жылу жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасының сайты хабарлайды.
Қала тұрғындары жылыну үшін жылыту құралдарын қосып отырғанын айтты. Сол үшін айына жарыққа 15-20 мыңнан төлеуге мәжбүр.
"Жылу жоқ. Мен пеш қосып электрмен отырмын. Алты балам бар, үйіміз мұздай. Келсе, әкімді бір күнге үйге шақырайын деген едім үйге, бір қонып кетсе екен деп, бала-шағаммен қосылып. Үйімізде бір грамм жылу жоқ. Әкімшілікке төрт мәрте бардым. Келіп тексерген де жоқ. "Ойбай, қосамыз, бүгін-ертең қостық". Бірақ қосылған жоқ. Жарықпен отырмыз. Айына 15-20 мың келеді", - дейді кентаулық Севара Акрамова.
Телеарна тішісінің хабарлауынша, электр құрылғыларын қосқан соң, ескі желілер шыдамай, жарық жиі сөнеді екен. Тұрғындар үйінде қалың киіммен жүріп үйренген.
Бірақ жергілікті шенеуніктер тұрғындардың сөзімен келіспейді. Олардың сөзінше, былтыр ғана Кентауға жылу беруге тиіс энергоорталығының төрт қазандығы жөндеуден өткен. Тіпті ақпанда тағы бір қазандығы іске қосылатынын айтты. Ал пәтерлердің жылымай тұрғанына тұрғындардың өзін кінәлады.
"Негізі энергетика заңы бойынша әр тұрғын өзі көпқабатты тұрғын үйде жазда стояктарын ауыстыруы керек. Радиаторларын тазалауы керек. Өкінішке қарай, ондай жұмыстар жүргізілмеген. Қазір біз температураны тұрақты беріп жатырмыз", - дейді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов.
Дереккөз: КТК телеарнасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058356-akim-bir-qonyp-ketsin-kentau-turgyndary-zylu-aqysyn-toleuden-bas-tartyp-otyr-video/