Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үш жыл бұрын жаңа пәтер сатып алған 15 тұрғын далада қалуы мүмкін

Опубликовано:

Алматыда жалдамалы пәтер қымбаттады
Көрнекі сурет: Pixabay

"Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді осыдан үш жыл бұрын алаяқтар алдап сатып кеткен. Енді жаңа қожайындар 15 тұрғыннан баспаналарды босатуды талап етуде. Бұл туралы КТК телеарнасының сайты хабарлайды.

Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, баспанасыз қалу қаупі төнген тұрғындар 2020 жылы "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған. Олар қор арқылы келісімшарт жасағанымен, құжаттың тұпнұсқасын алмаған.

"Мен қалай аузымды ашып қалғанымды білмеймін. Сендік. Бәріміз адамбыз ғой. Айтты, сенімхат бар деді. Алматыға нотариус, өзі сол бір ұзын жігітпен де келді. Прокуратура өкілі деп бәріне сеніп қалдық. Алматыға барып, қорға барғаннан кейін бірақ білдік. "Ондайды білмейміз. Ондай адам бізде жоқ. Қалай қақпанға түстіңдер?" дейді", - деп Ырысты Есжанова мән-жайды айтып берді.

Тұрғындардың сөзінше, кепілде тұрған пәтерлерді алматылық "Проблемалық несие қоры" арқылы шаршы метрін 100 мың теңгеден сатып алған. Ал кейін сол пәтерге кіріп, жөндеу жұмыстарын бастаған.

"Мен өз қолыммен аэропортқа барып, ақшамды сол әйелге апарып бердім. Келісім шартқа қол қойдық. Келісім шарт өте сауатты жазылған. Ол сол рейспен Алматыға ұшып кетті. Содан кейін ол әйелді көрмедік. Кейін алданғанымды бірақ білдік", - дейді Гүлайым Сухралина.

Не құжатсыз, не қаражатсыз қалған тұрғындардан жаңа қожайындар пәтерлерді босатуды талап етуде. Оған көнбесе, нарықтағы бағамен қайта сатып алуды ұсынып отыр

"1 ақпаннан бастап бізді үйден шығарып жатыр. Сотқа берді. Қазір пәтерлерде жарықты өшіріп тастады. Бес пәтерде жарық жоқ. "Кейін суды өшіреміз", деді. Ал жылыту маусымы біткен соң тіпті қуып шығады", - дейді Дәмелі Есжанова.

Тұрғындар полицияға арыз жазған. Қылмыстық іс тергеуге жіберілген.

"Аталған дерек бойынша Ақтөбе қаласы 2 ПБ ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатпен жіберілді. Қылмыстық іс бойынша 16 жәбірленуші өтіп жатыр", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тұрғындар сот шешімін күтуге мәжбүр. Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, енді бұл іс тергіліп, наурыз айында сотқа жолданады.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058359-aqtobede-us-zyl-buryn-zana-pater-satyp-algan-15-turgyn-dalada-qaluy-mumkin/

pixel