Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте скутермен жол үстінде трюк жасаған жас жүргізуші жазаланды (видео)

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте скутермен жол үстінде трюк жасаған тұрғын жазаға тартылды. Заң бұзушылықты полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтаған. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мотокөлікті бір доңғалағын көтеріп, жылдамдықпен кері бұрылып басқарған тұрғын бейнежазбаны жеке парақшасында жариялаған.

"Ірі сауда орталығының алдындағы автожолда болған "қойылымды" скутер жүргізушісі ұйымдастырған болып шықты.

Бұл ессіз әрекеті оны тек әкімшілік жазаға әкелді",- делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасындағы хабарламада.

Полицейлер кұқықбұзушының үстінен ҚР ӘҚБтК 615-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жүргізуші бұған дейін де осыған ұқсас жайт үшін жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058367-symkentte-skutermen-zol-ustinde-tryuk-zasagan-turgyn-zazalandy-video/

pixel