"Мен де мінсіз емеспін": Досаев өз жұмысында нені мақтан ететінін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесті. Журналистер одан екі жыл қызметі уақытында қандай жетістіктерімен мақтанатынын сұраған болатын. Әкім қойылған сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мен Алматыны дамыту бойынша тыңғылықты еңбек етіп келе жатқанымды мақтан тұтамын. Талай іс атқарылды, кейбірін аяқтап үлгермедік. Бірақ бұл бөлек әңгімеге арқау болар тақырыптар деп ойлаймын. Алайда тағы айтамын: мен жеке сезіміме сүйеніп айтып тұрғаным жоқ, жұмысыма баға берген қала тұрғындарына сүйеніп айтамын.
Егер бүгінгі жиналысымыз, алдағы кездесулер немесе атқарып жатқан істеріміз мақұлданып жатса, демек мен өзіме лайық жердемін әрі жұмысымды тиянақты жасауға тырысамын. Егер сұрақтар туындаса - енді біз саңырау емеспіз ғой, қайта құлақ асып, идеяларыңызды, өтініштеріңізді тыңдап, мәселелерді шешуге тырысып жатырмыз деп үміттенемін.
Біз тірі адамбыз, біз мінсіз емеспіз, мен де мінсіз емеспін. Осы екі жылым әрқилы болды. Уақыты келгенде оны да айтармын", – деп әкім халықпен кездесуін осы сөздермен аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Ерболат Досаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, қаланы дамыту бойынша аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап жатқанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058398-men-de-minsiz-emespin-dosaev-oz-zumysynda-neni-maqtan-etetinin-aitty/