Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің бұрынғы көлік басқармасы басшысы пара алғаны үшін сотталды

Опубликовано:

Таразы мен судья балғасы
Таразы мен судья балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаев лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Бұл туралы Антикордың мегаполистегі департаменіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оған 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы жариялаған хабарламада.

Айта кетейік, мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 млн теңге алу кезінде ұсталған Қоқанбаевты бірінші сатыдағы сот ақтап шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058537-symkenttin-buryngy-kolik-basqarmasy-bassysy-para-algany-usin-sottaldy/

pixel