Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Англияда жұмысқа орналастырамыз деген компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Компаниядан алдандық деген тұрғындар сұхбат беріп тұр
Компаниядан алдандық деген тұрғындар сұхбат беріп тұр. Фото: ktk.kz

Алматылық бір топ тұрғын шетелде жұмысқа орналастырамыз деп уәде берген компанияға 400 миллион теңгесін беріп қойғанын айтып, шағымданды. Бұл туралы олар КТК телеарнасына айтып берген.

Аты аталмаған серіктестік кеңсесіне келгендер мұндай жағдай былтыр да болғанын айтып отыр. Телеарна сюжетінде серіктестіктің Instagram-дағы парақшасы көрсетілген. Жалпы 20 тұрғын компаниядан алданып қалғанын айтқан.

"Мен 500 мыңға көлігімді сатып төледім. Қалған 500 мың кредит. Кредит төлеп жатырмыз. Не істейміз енді? Қарызға баттық. Жұмыстан шығып кеттік. Мысалы, маған "бір айдың ішінде кетесің" деді. Миллион деген кезде Англия деп айтты. 20 күннен кейін Англияның президенті қайтыс болыпты, оның баласы, қазір болады деді. Болмайтын болып, Польша деді. Польша болмағаннан кейін Нидерланды деді. Әр қаланы айтты. Ұлыбритания деді. Барсаң күзет қойып қойған. Кіргізбейді", - дейді тұрғындардың бірі.

Тұрғындар полицияға жаппай арыз түсірсе де, тергеу сол күйі қозғалмай отырғанын айтады. Енді олар адвокат жалдап, ақшасын қайта даулауға мәжбүр.

Адвокат Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, алдандық дегендердің арызданған адамы енді анықталған.

"Кеше тергеудің бастығына айтқанмын "сендер не себептен үш айдан бері арыз түскеннен кейін әкеліп отырсыңдар, неге арыз түскен күні әкелмедіңдер" деп едім, анау-мынау деді, Қазақстанда болмады дейді. Негізі Қазақстаннан еш жаққа кетпеген. Ол жақта ешқандай да жұмыс жоқ екенін айтты. Ол жақ пен компанияның арасында келісім жоқ екенін айтып отыр. Олардың мұндай жұмысқа тұрғызатын мүмкіншіліктері де жоқ екенін анықтап отырмыз", - дейді адвокат.

Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бталмыш дерек бойынша жәбірленушілердің арызы 22 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасына келіп түскен.

"Қазір ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайы анықталуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу жүргізілуде", - дейді ПД өкілі.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058551-angliyada-zumysqa-ornalastyramyz-degen-kompaniyaga-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel