Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испаниядан тағы бір күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің Бас прокуратурасы Испания Корольдігінен Questra Holding деп аталатын қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген тағы бір азаматты экстрадициялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен Questra Holding компаниясын құрды деген күдікке ілінген.

Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әртүрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, бұл топ 800-ден астам азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған.

2022 жылғы желтоқсанда Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Құзырлы орган аталған қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058672-bas-prokuratura-qarzy-piramidasyn-qurgany-usin-tagy-bir-kudiktini-ispaniyadan-ekstradiciyalady/

pixel