jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Оралда балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен бір әйел зардап шекті

    Балабақшаның іші
    Балабақшаның іші. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін, 1 ақпанда Оралдағы балабақшалардың бірінде шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен бір әйел зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ БҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметінше, жедел жәрдем сағат 11.30-да шақыртылып, бригада балабақшаға 8 минуттан кейін жеткен.

    "Шкаф құлап, бес адам зардап шеккен, оның төртеуі – балалар. 1976 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оның жамбасының жұмсақ тіні көгерген. Оған амбулаторлық ем тағайындалды. Төрт бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. 2018 жылғы төрт қыз баланың да денесі көгерген.

    Олардың жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, амбулаторлық ем тағайындалып, үйлеріне жіберілді", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.