Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қыз алып қашқан азаматқа қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Шымкентте қыз алып қашқан маңғыстаулық азаматқа қатысты жаңа дерек шықты. ІІМ өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram желісіндегі POLISIA.KZ арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жастар әлеуметтік желіде танысып, бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен. Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны бойжеткенге үйленуге шешім қабылдаған. Бірақ ол қыздың пікірімен санаспаған.

"Жас жігіт Шымкентке келіп, қыздың диплом алар алдындағы практикасы өтіп жатқан медициналық мекемесіне таңғы уақытта барған. Анықтама бюросына курьер екенін айтып, бойжеткенді шақыруды өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып әкеткен", - делінген хабарда.

Полиция оқиға туралы хабар ала салысымен, жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Toyota Alphard көлігін табуға Тұран АПБ-ның жедел уәкілдері жұмылдырылып, көрші өңірлерге бағыттама жіберілген.

Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде жарты тәулік ішінде автокөлік Алматы-Самара тасжолында Жалағаш ауылының маңында тоқтатылғанын мәлім етті.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының прокуратурасы қыз алып қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058814-symkentte-qyz-alyp-qasqan-azamatqa-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel