Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Имам көлікті бір тепті": Талғарда жолаушы мен таксиші арасында болған жанжал видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

такси қызметі
Такси қызметі. Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде такси жүргізушісі мен мешітте имам болып жұмыс істейді делінген жолаушы арасындағы жанжал түсірілген видео жарияланды. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі осы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видеоны Shyndyk.kz Telegram арнасы жариялады. Видеодадан жолаушы мен такси жүргізушісі арасында жанжал шыққанын, жолаушы көлік есігін тарс жауып, көлікті теуіп жібергенін байқауға болады.

"Талғарда имам такси жүргізушісінің көлігін тепті. Таксиші жолаушымен жанжалдасқан. Жолаушы Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы Бақтияр Жақсылықов болып шықты", - делінген видеоға жазылған сипаттамада.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне жолаушы діни қызметкер емес екенін мәлімдеді.

"Оқиға Алматы облысы Талғар қаласында болған. Кейбір ақпарат көздері жанжал шығарғандардың бірі, яғни жолаушы Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін жазған.

Алматы облысы дін істері басқармасы видеодағы жолаушы имам емес екенін және облыс аумағында діни қызметпен айналыспайтынын хабарлайды.

Қолда бар мәліметтер бойынша бұл азамат Талғар аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ әкімдік желі қолданушыларын шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058866-imam-kolikti-bir-tepti-talgarda-zolausy-men-taksisi-arasynda-bolgan-zanzal-videoga-tusip-qaldy/

pixel