Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты және әрі жауын-шашынды болады. Сондай-ақ бұрқасын, екпінді жел тұрып, көктайғақ болады.
Әзірге тек оңтүстік аймақтар антициклонның ықпалында болмақ, яғни мұнда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар бұл атлантикалық циклон республиканың барлық аумағында температураның біртіндеп жоғарылауына себеп болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058869-demalys-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.