jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда жоғары оқу орны бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған

Кітаптар
Кітаптар. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда университетте бір кітапты 31,5 миллион теңгеге сатып алу жоспарланған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында қаражатты негізсіз пайдалану фактісін анықтаған.

"Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерге оқу әдебиеті түрінде құны 31,5 млн теңгеге бір кітап сатып алуды жоспарлады", - делінген хабарламада.

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.

"Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Павлодарда жоғары оқу орны бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.