Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЖҚАЖ жауынгерлері Абай облысындағы тұрғын үйде шыққан өрттен тұрғындарды эвакуациялады (видео)

Опубликовано:

Абай облысындағы тұрғын үйде шыққан өрт
Тұрғын үйде шыққан өрт. Видеодан кадр: t.me/dp_abai

Абай облысында жедел қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері Семейдегі тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрттен адамдарды эвакуациялады. Осылайша олар қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті Telegram арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, 2 ақпанда Абай облысы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері облыс орталығында алаяқтықтың алдын алу мақсатында азаматтарды аралауға жіберілген. Кенет сарбаздар 410-квартал ауданы үйлерінің бірінде 5 қабатта орналасқан қылтима жанып жатқанын байқаған.

Әскери қызметкерлер бірден өрт шыққан үйге жүгірді. Пәтерде бойжеткен мен оның кәмелетке толмаған бауыры әрі сіңілі болған.

"Полиция қызметкерлері әуелі жанып жатқан пәтердің тұрғындары мен олардың көршілерін эвакуациялады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бес қабатты үйдегі басқа да тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрғанын түсінген жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері басын бәйгеге тігіп, ас үйден газ баллонын шығару үшін пәтерге оралған", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті оқшаулап жатыр. Ведомство мәліметіне сүйенсек, өрт ауданы 6 шаршы метр. ТЖД қызметкерлері қылтиманың үй-жайындағы жеке заттары, қаптамасы, терезесі және есік блоктары жанғанын анықтаған.

Өз кезегінде, жанған пәтерден құтқарылған бойжеткен полицейлерге алғысын білдірді.

"Батылдық пен батырлық танытқан полиция қызметкерлері жалынға оранған үйге асығып, қайғылы оқиғаның алдын алды. Біздің департаментте осындай қызметкерлер бар екенін мақтан тұтамын", – деді Абай облысының ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058929-zqaz-zauyngerleri-abai-oblysyndagy-turgyn-uide-syqqan-ortten-turgyndardy-evakuaciyalady/

pixel