Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды
Жарияланған күні:
Елордада күн райының бұзылуына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Орталық өкілдерінің хабарлауынша, № 308, 309, 315, 316, 327 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды.
Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар тоқтатылған жоқ.
Бүгін синоптиктер Астанада қар жауады деп болжаған еді. Күндіз ауа температурасы -6 градусқа дейін жетеді, түнде -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,2 м/с болады.
Бұған дейін Германияның барлық дерлік қаласында қоғамдық көліктер тоқтап тұрғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058984-astanada-qala-manyna-qatynaityn-birnese-avtobus-uaqytsa-toqtatyldy/