jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Петропавлда ер адам пәтерден шыққан өрттен зардап шекті (видео)

    Петропавл, пәтер өрті
    Петропавл, пәтер өрті. Видеодан кадр: Youtube/pkzsk

    Петропавлда көпқабатты үйде орналасқан пәтерден өрт шықты. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметіне сүйенсек, 3 ақпан күні түс ауа пәтерлердің бірінде түтін шыққан.

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан бір адам зардап шекті. Өрт сөндірушілер 1957 жылы туған ер адамды пәтерден алып шықты. Өрт салдарынан түтінген уланған және термиялық күйік алған ер адам ес-түссіз жағдайда ауруханаға жатқызылды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.