"Тек қымыз іштім": Шымкентте жүргізуші куәлігі жоқ ер адам бағдаршамды құлатты (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші бағдаршамды құлатқан. Көлік жүргізушісі бағдаршамды соққан сәттің видеосын Polisia.kz жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Полиция мәліметіне сүйенсек, Alphard басқарған мас ер адам бағдаршамды соғып, кейін артымен жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Полиция мәліметіне сүйенсек, Апат ЖБО камераларына түсіп қалған. Бейнебақылау инспекторлары оқиға орнына патрульдік автоэкипажды жолдады. Өзін біртүрлі ұстаған жүргізушіні тәртіп сақшылары алкоголь тұтануын тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуін сұрады. Жауабында құқық бұзушы өз әрекетін "Мен тек қымыз іштім" деген сөздермен ақтауға тырысқан. Оның орташа масаң күйде болғаны анықталды.
Сонымен қатар полицяи қала тұрғынының мұндай жағдайда рөлге бірінші рет отырмағанын мәлім етті. Ол 1,5 жыл бұрын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған.
Қазір азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол өзгенің көлігі мен жол құрылысжайын бүлдіруге алып келген көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұрып, масаң күйде тізгіндегені үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059023-tek-qymyz-istim-symkentte-zurgizusi-kualigi-zoq-er-adam-bagdarsamdy-qulatty-video/