Белгісіз біреулер Павлодарда "мектепке шабуыл жасайтынын" айтты (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілердегі Павлодар мектебіне белгісіз біреулердің "шабуыл жасайтыны" жайлы ақпарат тарады. Павлодар облысының полиция департаменті осы жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Облыстық полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлағандай, әлеуметтік желілерде Павлодар мектептеріне белгісіз қылмыс дайындалып жатқаны жайлы ақпарат таралған.
"Құрметті, Павлодар облысының тұрғындары! Әлеуметтік желілерде Павлодар мектептерінде белгісіз қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратылуда.
Осы факті бойынша Полиция департаменті тексеру жүргізуде. Құзыретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылатын болады.
Бүгінгі таңда полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын полиция жасақтарын ұлғайту арқылы ерекше назар аударды. Осы жылдың басынан бастап осындай жалған хабарламалар елдің бірқатар қалаларында таралды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - деп мәлім етті полиция департаменті.
Еске сала кетсек, Telegram желісінде авторы Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасайтынын мәлімдеген арна пайда болған еді. Кейін облыстық полиция жазба авторлары іздестіріліп жатқанын, тергеу басталғанын мәлімдеді.
Елдің үрейін ұшырған ақпараттан соң Оқу-ағарту министрлігі өкілдері оқушылар мен ата-аналарды сабырға шақырды. Ведомство өкілі балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.
Одан бөлек, облысы әкімі Асхат Шахаров та қаладағы бірқатар мектепті (№21, 27, 32 мектеп) аралап, үрейге бой алдыруға ешқандай себеп жоқ екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059043-qazaqstanda-belgisiz-bireuler-tagy-bir-qalada-mektepke-sabuyl-zasaitynyn-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.