Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрлігі Бурабай мен Қызылордадағы жер сілкінісі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

Earthquake қосымшасында Ақмола облысы мен Қызылордадағы жер сілкінісі туралы ақпарат тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 4 ақпанда сағат 13:57-де Earthquake қосымшасында Ақмола облысында, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының маңында болған жер сілкінісі туралы ақпарат жарияланды.

Хабарламада айтылғандай, жер сілкінісінің күші 5 балл болған.

Бурабай жер сілкінісі
Бурабай жер сілкінісі. Скриншот: Earthquake қосымшасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Сағат 13:57-де Earthquake қосымшасында Ақмола облысында, Бурабай саябағының жанында болған жер сілкінісі туралы ақпарат тарады. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін жоққа шығарды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қосымшада бүгін сағат 16:59-да Қызылорда қаласында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болғаны жайлы мәлімет пайда болды.

Қызылорда жер сілкінісі
Қызылорда жер сілкінісі. Скриншот: Earthquake қосымшасы

Алайда "Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" бұл жер сілкінісі туралы ақпаратты да растамады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059048-totense-zagdailar-ministrligi-burabai-men-qyzylordadagy-zer-silkinisi-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel