Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда полиция қызметкерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді

Опубликовано:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігіне осы жылдың 31 желтоқсанына дейін ішкі істер органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу міндеті жүктелді. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттарын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" жарлық "Ашық НҚА" порталында 3 ақпан күні жарияланды. Қоғамдық талқылау 7 ақпанға дейін жүргізіледі.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттарын кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін", - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған қаулыда.

Құжатта жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелгені жазылған.

Айта кетейік, жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өткенін жазған едік. Жиында мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметі халық арасында бүкіл мемлекеттік жүйенің бет-бейнесі туралы түсінік қалыптастыратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059151-qazaqstanda-policiya-qyzmetkerleri-kezekten-tys-attestattaudan-otedi/

pixel