jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте ауруханаға барған тұрғын көлігінен айырылып қала жаздады (видео)

    Көліктің кілті
    Кілт. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкентте аурухағана барған қала тұрғыны табан астында көлігінен айрылып, сан соғып қалды. Ол бірден көлігі ұрланғанын айтып, полицияға хабар берген. Шымкент полицейлері ұрланған көлікті жарты сағат ішінде тауып, иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Polisia.kz сайтында жарияланған ақпарат бойынша, денсаулығына байланысты ауруханаға келген қала тұрғыны тексерілуден кейін сыртқа шығып, көлігін таппай қалған. Ол бірден "102" арнасына хабар берген.

    Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Opel Vectrа көлігін жедел анықтап, оны ұстауға патрульдік полиция экипажын бағыттаған.

    Көлік Абай ауданының аумағында тоқтатылды.

    Ұсталған азаматты жол полицейлері оқиғаның мән-жайын толық тексеру үшін анықтаушыларға тапсырды. Ал көлік заңды иесіне қайтарылды.

    Тұрғын тәртіп сақшыларына жедел жұмысы үшін алғысын білдірді.

    Шымкентте ауруханаға барған тұрғын көлігінен айырылып қала жаздады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.