Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алты қабатты ғимараттардың құрылысына басымдық берілмек

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі сурет: RUSLAN PRYANIKOV/AFP via Getty Images

Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобасы аясында қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа жоспарды таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Бүгін біз ЕТЖ-ны басшылыққа алу керектігін айтамыз. Құрылыс салушы алты қабатты тұрғын үйін ЕТЖ-дағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлданғаннан кейін жобаны жүзеге асырады. Естеріңізде болса, бес қабатты ғимараттың нөлдік бұрышында тоғыз қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және жаңа құрылымға ешкім "білгенін" істей алмас үшін бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Біз қаланың өз ережесі бар екенін түсіндіреміз", - деді Асқар Әмрин.

Сонымен өатар жаңа жоспарда саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайту көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059158-almatyda-alty-qabatty-gimarattardyn-qurylysyna-basymdyq-berilmek/

pixel