Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада базарда қалың қардың салдарынан шатыр опырылды (видео)

Опубликовано:

Құлаған шатыр
Құлаған шатыр. Видеодан кадр: NUR.KZ

Астанада қалың қар мен қатты жел салдарынан Шарын базарында шатыр опырылған. Куәгерлер видео жариялады. Жағдайға қатысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, бүгін, 5 ақпанда сағат 08:00-де елордадағы "Шарын" базарында шатыр опырылған.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша, опырылған шатыр салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"5 ақпанда "Шарын" базарының аумағында толып қалған қар салдарынан сауда бутиктерінің арасындағы шатыр шамамен 200 шаршы метр аумаққа құлады, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады департаменттен.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер бүгін Астанада қар жауып, желдің жылдамдығы 8,9 м/с-ке дейін жететінін болжаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059205-astanada-bazarda-qalyn-qardyn-saldarynan-satyr-opyryldy-video/

pixel