Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ойнап жүрген 5 жасар бала мен оны құтқармақ болған жасөспірімді ит қапты

Опубликовано:

Жарақат алған жасөспірім анасымен
Жарақат алған жасөспірім анасымен. Фото: NUR.KZ/автордан

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің арасында мойнында қарғыбауы бар ит екі баланы тістеп алды. Дене жарақатын алған балалар мектепке баруға қорқып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 4 ақпанда сағат 17:40 шамасында Ақтөбе қаласының Шанхай ауданында болды.

Кешкі уақытта қоқыс төгуге шыққан жөсөспірім кішкентай екі баланы ит қуып жүргенін көреді. Жасөспірім киімдерінен ит тартқылап құлатқан 4-5 жасар балаларға ойланбастан көмекке жүгірген. Анасының айтуынша, бүлдіршіндерді құтқармақ болған 15 жастағы ұлының да екі аяғынан ит тістеп алған.

"Менің баламның жасы 15-те. Ол қоқыс төгуге шыққан кезде 4 жасар екі баланың киімінен ит тартқылап жатқанын көреді. Қорғау үшін жүгірген. Иесіз жүрген ит баламды және сол 4 жастағы баланы қауып алды. Тісі батқан. Балам қатты жарақаттанды, екі аяғынан тістеген. Балам екі баланы құтқарды. Овчарка ит екен. Мойнында қарғыбауы бар ит қапқан. Иесі бар ит бар деп ойлаймын. Біздің жақта ит көп. Әсіресе балалар жүретін жерде, мектептің алдында жиі кездеседі. Балалар мектепке баруға қорқады”,- деді қала тұрғыны Дәнекер Отарбаева.

Ит қапқан балаларды сол маңда болған көршілер құтқарады. Облыстық полиция департаменті иттің иесі табылмағанын хабарлады.

"Арыз бар, иттің иесі анықталмады. Ветинспекцияға хабар беріліп, итті атты", - деді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Көпбалалы ананың айтуынша, екі бүлдіршінді құтқарып қалған ұлы колледжде 1 курста оқиды. Қазір ит қапқан балалар тұрғылықты мекенжайы бойынша ем қабылдап жүр.

"4 ақпанда екі баланы ит қауып алғандығы жөнінде жедел жәрдем бригадасына шақырту түсті. Екі балаға стационарда алғашқы көмек көрсетілді. Құтырмаға қарсы екпе жасалды. Жағдайы қанағаттанарлық, тұрғылықты мекенжайы бойынша емін жалғастырады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059223-aqtobede-oinap-zurgen-5-zasar-bala-men-ony-qutqarmaq-bolgan-zasospirimdi-it-qapty/

pixel