jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Антикор Экология және табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Шенеунік
Қызметкер. Көрнекі фото: Pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растады. Бұл туралы Антикордың Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"БАҚ назарына! Сіздердің сұрауларыңызға байланысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге де ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылады.

Айта кетейік, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ұсталғаны хабарланған. Ол 2023 жылдың 1 маусымында осы қызметке тағайындалған болатын.

Антикор Экология және табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.