Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық кәсіпкер контрабандалық жолмен тонналап балық экспорттаған

Опубликовано:

Қаржы мониторинг агенттігі құжаттары
Қаржы мониторинг агенттігі құжаттары. Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеумен 2022 жылғы шілде айы мен 2023 жылғы сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды.

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертификат қолданылған.

"Аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.

Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган тергеп-тексеру жалғасып жатқанын, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын мәлім етті.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059397-qazaqstandyq-kasipker-kontrabandalyq-zolmen-tonnalap-balyq-eksporttagan/

pixel