Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілмек

Опубликовано:

Қожа Ахмет Ясауи музейі, Түркістан
Қожа Ахмет Ясауи музейі, Түркістан. Фото: skcn.kz

Ұлттық экономика министрлігі Ашық НҚА порталында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы құжатты қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына консультативтік құжат әзірленді.

Құжатта "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заң жобасында қаланы еліміздің рухани-тарихи орталығы ретінде дамытуға байланысты мәселелерді шешудің тиімділігін арттыру мақсатында қаланы мемлекеттік басқаруға көшіру көзделгені атап өтілген. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және туризмді дамыту саласындағы кейбір қосалқы құзыреттер орталық мемлекеттік органдар мен Түркістан облысының деңгейінен тікелей Түркістан облысы мен Түркістан қаласының мәслихаты мен әкімдігіне жүктелсін", - делінген.

Сонымен қтар Түркістан қаласының бірегей мұрасын сақтау, зерделеу және ілгерілету жөніндегі кешенді тәсілді одан әрі іске асыру үшін, форс-мажорлық мән-жайлар мен дағдарыстық жағдайларды  тиісті өкілеттіктері болуы қажет екені атап өтілген.

"Облыс деңгейінен Түркістан қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының деңгейіне берілетін құзыреттер тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, туризмді және басқа да облыстарды дамыту саласында жергілікті маңызы бар туындайтын мәселелерді жедел шешуге алып келеді.

Сондай-ақ тарихи-мәдени мұра ескерткіштері орналасқан аймақта объектілерді салу және пайдалану кезінде қосымша талаптарды белгілеу (дизайн-кодты сақтау, әрлеуде материалдарды қолдану, белгілі бір өнімді өткізуді шектеу және т.б.) олардың біркелкілігі мен түпнұсқалығын сақтауға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

Заң жобасы 2 баптан тұрады:

1-бап - Қазақстан Республикасының Жер кодексі шеңберіндегі Заң жобасының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" және "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңдардың негізгі ережелерін көздейді.

2-бап - Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін көздейді.

Құжатты талқылау 26 ақпанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059457-turkistan-qalasyna-erekse-martebe-berilmek/

pixel