Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында мектеп оқушыларына мерзімі өтіп кеткен тағам берілген

Опубликовано:

Асхана
Асхана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Прокурорлар Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы үш мектептің асханасынан заң бұзушылықтарды анықтады. Мектептердің бірінде балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағам таратылған, деп хабарлайды 24KZ.

Телеарна мәліметінше, прокурорлық тексеру барысында басқа оқу орындарында да кемшіліктер анықталды. Мәселен, Сырдария ауданында аспаздар сертификатсыз жұмыс істеген. Облыс орталығындағы бес мектептің медбикелерінің де қажетті құжаттары болмаған.

Былтыр медициналық пункттердің жеткіліксіздігінен бір жарым мыңға жуық мектеп оқушысы міндетті медициналық тексеруден өтпеген.

Сондай-ақ тексеру барысында мектеп басшылары 50 қызметкерді конкурссыз жұмысқа алған, олардың көбі жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болды.

"Бұл фактілер бойынша тиісті актілер шығарылып, жалған дипломға қатысты жағдай бойынша тексеріс жүргізілді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте білім беру нысандарын жалпы тексерудің қорытындысы қаралды.

Білім саласындағы мұндай заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жол картасы қабылданады", - деді облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059538-qyzylorda-oblysynda-mektep-oqusylaryna-merzimi-otip-ketken-tagam-berilgen/