Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш тәулік бойы Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді

Опубликовано:

Автобекет
Автобекет. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

2024 жылғы 9-11 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмауының себебі - ҚХР-дағы Көктемді мерекелеу күндері.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059658-us-taulik-boiy-qytaimen-sekaradagy-avtomobil-otkizu-beketteri-zumys-istemeidi/