Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Скляр елде салынатын үш ЖЭО туралы: Құрылысқа БЖЗҚ қаражаты тартылмайды

Опубликовано:

Жылу электр станциясы
Жылу электр станциясы. Көрнекі фото: Vithun Khamsong/Getty Images

Үкіметте өткен брифингте вице-премьер Роман Склярға ресейліктер салғысы келетін Қазақстандағы үш жаңа ЖЭО шынымен БЖЗҚ есебінен қаржыландырыла ма деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл жобаларды инвесторлар қаржыландырады. "Самұрық-Энерго" және ресейлік "Интер РАО" атты шетелдік компаниялармен тиісті келісімге қол қойылды. Ресейлік технологиялар қолданылады. Көмірді газға айналдырамыз. Көкшетауда газ болған жағдайда бұл көмір станциялары да Астанадағыдай газ станциялары болады, біз 2060 жылға қарай декорбанизацияға көшеміз.

Зейнетақы қорының қаражаты қолданылмайды. Тек шетелдік инвесторлардың қаражаты пайдаланылады, кейін бұл қаражат табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады. (...) Қазір "Интер РАО" компаниясы қаржыландырып жатыр, құрал-жабдықтардың бәрі ресейлік өнім болады. "Бәйтеректен" ешбір қосымша жеңілдетілген несие бөлу қарастырылмаған. (...) Зейнетақы ақшасы ЖЭО-ға жұмсалмайды", – деді Скляр.

Ол әуелі жылу электр орталығы (ЖЭО) Көкшетауда, одан соң Семей мен Өскеменде салынатынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ресейлік компаниялар салатын үш ЖЭО-ның құны жайлы ақпарат жарияланған болатын.

Осыған байланысты "Самұрық-Қазына" 1,5 триллион теңгені БЖЗҚ есебінен шығару жоспарда барын мәлімдеген еді. Қазақстандағы жылу электр станцияларының құрылысымен ресейліктер айналысатыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059666-sklyar-elde-salynatyn-us-zeo-turaly-qurylysqa-bzzq-qarazaty-tartylmaidy/