Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда заңсыз салынған атақты дөнерхана сүрілді

Жарияланған күні:

Сүріліп жатқан фастфуд желісі
Сүріліп жатқан фастфуд желісі. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыда заңсыз реконструкциядан өтіп салынған фастфуд желісі сүрілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Достық даңғылы, 40/1 бойында орналасқан Degirmen кафесіндегі реконструкциядан өткен құрылыс бұзыла басталды. Сот шешімімен аталған нысан заңсыз деп танылды. Фастфуд желісі рұқсат құжаттарынсыз реконструкциядан өтіп, салынған.

Сүріліп жатқан фастфуд желісі
Сүріліп жатқан фастфуд желісі. Фото: t.me/almaty_akimat

Былтыр 19 маусымда басқарма заң бұзушылық деректері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319, 322-баптары 1-бөлігі бойынша "Ала кафе" ЖШС қатысты шаралар қабылдаған.

2023 жылдың 20 шілдесінде әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қосымшаны заңсыз деп тапты, алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірді.

Сүріліп жатқан фастфуд желісі
Сүріліп жатқан фастфуд желісі. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Бүгін сот шешімін орындау мақсатында аталған нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059684-almatyda-zansyz-salyngan-ataqty-donerxana-surildi/