Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 ақпанда еліміздің барлық қаласында дабыл қағылады

Опубликовано:

Сирена
Сирена. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертең Қазақстанның барлық қаласында оқу-жаттығулар өткізілуіне байланысты дабыл қағылады. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ел тұрғындарын сабырға шақырып, үрей мен қауесетке сенбеуге үндеді, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайты.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, ақпанның 8-і мен 9-ы елімізде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығудың республикалық штабы Ақтөбеде орналасады.

"Дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпанда сағат 12.55-те (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады.

Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059709-8-aqpanda-elimizdin-barlyq-qalasynda-dabyl-qagylady/