Қар, бұрқасын, көктайғақ: 8-9 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде күн бұзылады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 8-9 ақпанда күтілетін қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар туралы ескерту жариялады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
7-9 ақпанда Қостанай облысында қар жауады, 8 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар жауады. Кей уақыттарда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 7-8 ақпанда тәулік бойы, 9 ақпанда түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, түнде 9 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, 8 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.
Ертең түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, ертең түнде екпіні 23-28 м/с-ке жетеді деп болжанды.
8 ақпан түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с, облыстың тау асуларында түнде екпіні 23-28, күндіз 15-20 м/с болады.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қаласында түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Ертең Қарағанды облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда желдің екпіні 23-28 м/с болады деп болжануда.
Қарағанды қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
8 ақпанда Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.
Жезқазған қаласында ертең күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Ертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Семей қаласында 8 ақпанда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке тең болады.
Өскемен қаласында 8 ақпанда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ертең Ақтөбе облысында кей уақыттарда бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде обыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Ақтөбе қаласында 8 ақпанда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.
Қостанай қаласында ертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
8 ақпанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы қаласында 8 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі.
Қонаев қаласында 8 ақпанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ертең түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қаласында 8 ақпанда таңертең және күндіз бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.
8 ақпанда түнде Қызылорда облысында оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.
Ертең түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау қаласында 8 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
8 ақпанда Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді күтіледі.
Ертең және оның арғы күні Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 8-9 ақпанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, 8 ақпанда облыстың оңтүстігінде, батысында, 9 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында жел кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады деп болжанды.
Ақмола облысында ертең қар жауады, 9 ақпанда түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады, күндіз жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақыттарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында кей уақыттарда желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары күтіледі.
9 ақпанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.
Астанада 8-9 ақпанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.
Петропавл қаласында ертең және арғы күні оңтүстіктен, оңтүстіктен батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Тараз ертең көктайғақ күтіледі. 9 ақпанда түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059733-qar-burqasyn-koktaigaq-8-9-aqpanda-elimizdin-birqatar-onirinde-kun-buzylady/