Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 8-9 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде күн бұзылады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 8-9 ақпанда күтілетін қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар туралы ескерту жариялады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

7-9 ақпанда Қостанай облысында қар жауады, 8 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар жауады. Кей уақыттарда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 7-8 ақпанда тәулік бойы, 9 ақпанда түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, түнде 9 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында,  8 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.

Ертең түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, ертең түнде екпіні 23-28 м/с-ке жетеді деп болжанды.

8 ақпан түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с, облыстың тау асуларында түнде екпіні 23-28, күндіз 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ертең Қарағанды облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда желдің екпіні 23-28 м/с болады деп болжануда.

Қарағанды қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

8 ақпанда Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың  солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.

Жезқазған қаласында ертең күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Семей қаласында 8 ақпанда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке тең болады.

Өскемен қаласында 8 ақпанда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ертең Ақтөбе облысында кей уақыттарда бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде обыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе қаласында 8 ақпанда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай қаласында ертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

8 ақпанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы қаласында 8 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі.

Қонаев қаласында 8 ақпанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ертең түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 8 ақпанда таңертең және күндіз бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

8 ақпанда түнде Қызылорда облысында оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Ертең түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау қаласында 8 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

8 ақпанда Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді күтіледі.

Ертең және оның арғы күні Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 8-9 ақпанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, 8 ақпанда облыстың оңтүстігінде, батысында, 9 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында жел кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады деп болжанды.

Ақмола облысында ертең қар жауады, 9 ақпанда түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады, күндіз жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей уақыттарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында кей уақыттарда желдің екпіні 30 м/с және одан жоғары күтіледі.

9 ақпанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болады.

Астанада 8-9 ақпанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Петропавл қаласында ертең және арғы күні оңтүстіктен, оңтүстіктен батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Тараз ертең көктайғақ күтіледі. 9 ақпанда түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059733-qar-burqasyn-koktaigaq-8-9-aqpanda-elimizdin-birqatar-onirinde-kun-buzylady/