Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе әуежайы ауа райының бұзылуына байланысты таңға дейін жабылды

Опубликовано:

Қарлы боранда кетіп бара жатқан әйел
Қарлы боран. Көрнекі фото: Getty images / Bill Hornstein

Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты рейстер тоқтатылып, әуежайды таңға дейін жауып тастады. Оған қоса 20 шақты елді-мекен жарықсыз қалып, оқушыларды қашықтан оқуға ауыстырып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбедегі әуе рейстері тоқтатылды. Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Әлия Молдағұлова әуежайының кестесіне сәйкес, 7 ақпанда 10 рейсті қабылдау жоспарланған. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылып, кейбірі кешіктірілуде.  

Тоқтатылған рейстер: Qazaq Air Iq399 / 395 Астана-Ақтөбе-Атырау; SCAT DV727 / 728 Астана-Ақтөбе-Астана; Qazaq Air Iq396 / 400 Атырау-Ақтөбе-Астана.

Кешіктіріліп жатқан рейстер: FlyArystan КС7191 / 7192 Алматы-Ақтөбе-Алматы;  Scat Dv11 / 712 Алматы-Ақтөбе-Алматы; FlyArystan КС7391 / 7392 Астана-Ақтөбе-Астана; SCAT Dv721 / 722 Астана-Ақтөбе-Астана; FlyArystan КС7778 / 7777 Ақтау-Ақтөбе-Ақтау.

Себеп - әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдайдың күрделілігі. 

Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі жолаушылардан өзекті ақпараттарды әуежайдың анықтама қызметінен немесе әуе компанияларының Сall-орталықтарынан нақтылауды сұрайды.

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе айлағы жергілікті уақытпен таңғы сағат 06:00-ге (8 ақпан) дейін жабық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059749-aqtobe-auezaiy-aua-raiynyn-buzyluyna-bailanysty-tanga-deiin-zabyldy/