Толассыз жауған жаңбырдан кейін Шымкент көшелерін су басты (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте қатты жауын-шашын мен жаңбыр салдарынан көшелерді су басты. Коммуналдық қызмет су сорғыту жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Жаңбырдан кейін тротуарлар, жолдар, жеке және көпқабатты үйлердің аулалары суға толды, деп жазады басылым.
Қаланың коммуналдық қызметтері суды сорғыту жұмыстарын күшейткенмен, әлі де жағдай толық шешілмеген.
Ал, Шымкент қаласы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында кеше "Еңбекші" ықшамауданында жер асты коллекторыннда ақау болып, 7 тұрғын үй ауласын су басқаны хабарланды.
Оқиға орнында "Су ресурстары Маркетинг" ЖШС қызметкерлері мен арнайы техникалар (30 қызметкер, 3 ХОВА, 3 эксковатор, 2 су сорғы машинасы) құбырды жөндеу мақсатында қазу жұмыстарын атқарып, жұмыс істеп жатыр.
"Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда", - деді ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059784-tolassyz-zaugan-zanbyrdan-keiin-symkent-koselerin-su-basty-video/