Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Досаев лай көшкінінен қираған үйлерді аралады (фото, видео)

Опубликовано:

Ерболат Досаев оқиға орнында
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға орнында қала әкімі қираған үйлерді аралап, оқиға орнында жедел кеңес өткізді.

"Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет", - деді Ерболат Досаев.

Сол маңдағы тұрғындардың айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін анықтап, лай көшкіні салдарын жою үшін арнайы топ құрылды.

Ал бұған дейін қала әкімінің Медеу ауданы тұрғындарымен бүгінге, 8 ақпанға жоспарланған кездесуі 9 ақпанға шегерілгенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні түскен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059789-erbolat-dosaev-lai-koskininen-qiragan-uilerdi-aralady-foto-video/

pixel