Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Граната, қару-жарақ": Алматыда "Айшуақ-Жантүгел" қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктілерді ұстау
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр.: polisia.kz

ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтап, жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адамды ұстады.

"7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық "қамқорлығын" көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды", - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген.

"Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сол күні полиция Степногорск қаласында осыған ұқсас ұстау шарасын жүргізген. Жедел жұмыстың нәтижесінде қорқыту және күш көрсету арқылы қаланың тұрғындарын бопсалаумен айналысқан жергілікті криминалитеттің қатарынан тұратын топтың жолы кесілді.

"Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Ақмола облысы ПД тергеу басқармасы бопсалау фактілері бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көрсетілген фактілер бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды", - деді Қуандық Алпыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059793-granata-qaru-zaraq-almatyda-aisuaq-zantugel-qylmystyq-tobynyn-museleri-ustaldy/