jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында алма көшеттеріне бөлінген 210 млн теңгеге жуық субсидия ұрланған

    Кісен мен ақша
    Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл обылсында квазимемлекеттік мекеменің бұрынғы басқарма төрағасы мен оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін субсидия алғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру дерегін анықтаған.

    "Меркі" тәжірибелік шаруашылық" ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған", - делінген хабарда.

    Аталған факт бойынша Меркі ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен бірге жүргізіліп жатыр.

    Сот бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берсе, екіншісіне қатысты үйқамақ шарасы қолданылды.

    Құзырлы орган мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.