Түркістанда жалдамалы пәтерде өлі табылған екі балаға қатысты оқиға: Зәкиева тың дерек жариялады
Жарияланған күні:
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жалдамалы пәтерде өлі табылған екі баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ омбудсменнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, екі бала анасының қолынан қаза тапқан.
"Иманды болсын, періштелер. Қызылорда облысының тумасы, Түркістан қаласына келіп пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды.
Мән-жай анықталуда. Істі тергеумен Түркістан облыстық ПД айналысуда", - деп жазды Зәкиева.
Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылғанын, анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059837-turkistanda-zaldamaly-paterde-oli-tabylgan-eki-balaga-qatysty-oqiga-zakieva-tyn-derek-zariyalady/